Жас ұрпақ тәрбиесі – жіті назарда!»

07.10.2022

Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру және олардың арасында маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу секілді зиянды әдеттердің таралуының алдын алу жұмыстары, сондай-ақ, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелерді шешу мақсатында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің әлеуметтік педагогы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен бірлесіп «Синтетикалық есірткілер» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова синтетикалық препараттардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері және есірткі орталығына тартудан аулақ болу мүмкіндігі туралы уақтылы ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ДН жөніндегі инспектор Ж.Д. Ибрахимова бүгінде нашақорлық мәселесі еліміздің денсаулығына және жалпы ұлттық қауіпсіздікке жаһандық қауіп ретінде бірінші орынға ие болғанын атап өтті. Нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы тұру, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, есірткіден бас тарту ұстанымы мемлекет пен қоғамның, әсіресе білім беру жүйесіндегі маңызды міндетіне айналуда. Іс- шара есірткіге қарсы өзекті бейнесюжеттер мен бейнероликтер көрсетілімімен тамамдалды.



Текст
Виртуальная приемная